Алматыда кәріз құдығынан адамның мәйіті табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кәріз құдықтарының бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құдықтан ер адамның мәйіті табылды. Алғашқы мәліметтерге қарағанда, ол тұрақты мекен жайы жоқ адам болып шықты. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр»,  -дейді жергілікті ІІД баспасөз қызметі.

Құдық әл-Фараби мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан. Мәйіт сараптамаға жіберілді.  

Соңғы жаңалықтар