Алматыда қаңғыбас иттерге «баспана» салынбақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көшеден ұсталған қаңғыбас хайуанаттарға арналып өндірістік база салынып, оның қызметкерлері үшін де әкімшілік ғимарат тұрғызылмақ. Бұл туралы Алматы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Қарабатыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
«Алматының Алатау ауданынан көшедегі иттерге арналып өндірістік база және оның жұмысшыларына әкімшілік ғимарат салуға 1 гектар жер берілді. Қазіргі бірінші кезеңінде базаны салу міндеті тұр. Жақын уақытта жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу мен құрылысқа қажетті қаржы бөлу қарастырылып отыр», - деді ол.
null  

«Алматы ветеринария орталығы» КМК директоры Салауат Бектемісов хайуандарды аулау ізгі тәсілмен жүзеге асатынын айтты.
null  

Оның айтуынша, қаңғыбас иттерді аулауға арнайы преператтар алынған.
null  

«Бізде иттер мен мысықтарға арналған тамақтар бар. Оларды тамақтандырмайды деген жалған сөз. Біз қоректендіреміз. Дезинфекция күнделікті жасалады. Бұл ауыр жұмыс. Иттерге залал келтірмей ұйықтатамыз. Оның барлығы оңай шаруа емес», - деді Бектемісов.
null  

Оның айтуынша, былтыр 22 мың ит пен мысықты ұйықтату арқылы ауланса, оның 390-ы иелеріне қайтарылған. Биыл 9 300 хайуан ауланса, оның 380-і қайтарылып берілді.
null null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар