Алматыда іздеудегі 42 көлік табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық ІІД мамандандырылған ХҚКО биылғы 7 айдағы жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД сілтеме жасап.

Қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Аманбектің айтуынша, орталықта мемлекеттік қызмет түрлерінен бөлек азаматтардың өтініштері қаралған.

«105 көліктің нөмірлік белгілері өзгерілтілгені анықталды. Ұрланған 42 автокөлік табылды. Сондай-ақ, 29 дерек бойынша адамдар жалған құжатпен жұмыс жасаған. Жыл басынан бері 8 258 шағым қаралды. 15 114 кепілзат келісімі тіркеліп, алынды», - деді полиция подполковнигі Нұрлан  Аманбек.

Айта кету керек, жыл басынан бері ХҚКО мамандары 252 701 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның ішінде көлікті тіркеу мен есепке алуға 220 029 қызмет көрсетілді. Күн сайын орталыққа 3-5 мың клиент келеді. Осы уақыт аралығында 108 507 көлік тіркелді.

101 152 мемлекеттік нөмір, 12 535 транзиттік нөмір, 32672 жүргізуші куәлігі берілген. Сондай-ақ, құны 294 млн 407 мың болатын 791 VIP нөмір берілді.

Соңғы жаңалықтар