Алматыда Халықаралық Олимпиада күні атап өтілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Халықаралық Олимпиада күні құрметіне жыл сайын бұқаралық спорттық шаралардың үлкен кешені өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Қала тұрғындарын мерекемен құттықтау үшін «Динамо» стадионына белгілі қазақстандық спортшылар жиналды, олар - Олимпиада чемпиондары, грек-рим күресінің палуаны Жақсылық Үшкемпіров, боксшы Ермахан Ыбрайымов, 2016 жылғы паралимпиада ойындарының жеңімпазы, жүзуші Зүлфия Ғабидуллина, сондай-ақ 2008 жылғы Олимпиаданың жүлдегері, грек-римші палуан Нұрбақыт Теңізбаев.

Іс-шара барысында спорттың 6 түрінен мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектер арасында «Жұлдызай» қалалық спартакиадасының финалдық ойындары өтті. Жеңімпаздар жеңіл атлетика, шағын футбол, асық ату, дойбы, шахмат және үстел теннисінен анықталды.

Өзге алматылықтар көрермен болып қалмай, қала көшелерімен өткен бұқаралық велошеруге қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шеруге сөре сызығынан 500-ге жуық адам аттанды.

Халықаралық Олимпиада күні 1948 жылдан бастап әлем бойынша 23 маусым күні атап өтіледі. 


Соңғы жаңалықтар