Алматыда ЭКСПО-ға арналған веложарыс өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған веложарыс өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық дене тәрбиесі және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Сайыстар қалалық «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
null 

«Жаңбырлы ауа райына қарамастан, қала көшелерінде велосипедпен 10 шақырым жүру үшін 500-ге жуық адам жиналды.  Дәстүр бойынша веложарыс 09:00-де әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысындағы «Нұрлы тау» бизнес орталығы аумағында басталды және М.Горький атындағы мәдени және демалыс паркінде мәреге жетті», - делінген хабарламада.
null 

Веложарысқа қатысушылар арасында қаптөсек, шатыр, ЭКСПО-ға билеттер секілді ұтыстар ойнатылды, ең басты жүлде  велосипед алматылық Жанболат Қаналинге берілді. 
null 

«Мен веложарыстарға  үнемі қатысамын. Бүгін жалғыз келдім, ал негізі «Хамелеон» тобы бірге велосипед тебеміз. Тоғыз жылдан бері велосипед теуіп келемін, бұл істің нағыз маманы болған шығармын. Жүлде ұтып алғаныма қуаныштымын. Келесіде тағы қатысамын», - деді жеңімпаз.

Ұйымдастырушылар биыл «Спорттық Алматы» қалалық бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында 20 веложарыс өтетінін атап өтті.
null null 

Соңғы жаңалықтар