Алматыда эко-кеңсе бой көтерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда эко-ғимарат қолданысқа берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл мен Жароков көшелерінің қиылысында бой көтерген ғимараттың құрылысы 2015 жылы басталған. Оның жобасын отандық сәулетшілер әзірледі.

«Жұмыс алаңын кеңейту туралы мәселе туындаған кезде мен біздің кеңсе экологиялық таза және қызметкерлер үшін барынша жайлы болуы тиіс деген шешім қабылдадым. Меніңше, бұл екі ұғым өзара тығыз байланысты. Бұған қоса, менің тәжірибем көрсеткеніндей, егер адамдарға кеңседе ыңғайлы және жайлы болса, олардың еңбек өнімділігі де өседі», - дейді кәсіпкер Максим Барышев.  

«Жасыл кеңсенің» басты идеяларының бірі - табиғат ресурстарын жұмсауды, соның ішінде су тұтынуды азайту. Тұрмыстық мақсаттар үшін ғимаратта арнайы сүзгілеуден өткен жаңбыр суы пайдаланылатын болады.

Ғимараттың шатырына күн энергиясымен суды қыздыратын құрылғылар орнатылған. Соның арқасында кеңсе қалалық жылудан толықтай бас тартты.

Ад кеңсенің күнделікті жұмысы үшін қажетті электр энергияны күн сәулесінің панельдері беретін болады.

Эко-кеңсенің терезелері күмістің жұқа қабатымен өңделген, мөлдір сүзгішті құрайтын мультифункционалдық әйнекпен жабдықталды. Мұндай әйнек пакеттері жылдың кез келген уақытында оңтайлы микроклимат жағдайларын қамтамасыз етеді және энергиямен жабдықтауда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Эко-кеңсенің қабырғалары бірнеше жылу үнемдейтін қабаттардан тұратын жеңілдетілген аспалы панельдерден тұрады.

Онымен қоса, сейсмикалық белсенділік кезінде ғимараттың орнықтылығын қамтамасыз ететін конструкциялық шешімдер қолданылған. Кеңсенің 20%-дан астамы жер деңгейінен төмен тұр, ғимараттың негізінде биіктігі 1 метрлік үлкен монолиттік бетон плитасы орналасқан. Сөйтіп, ғимараттың жер астындағы салмағы ғимараттың жер үстіндегі салмағына тең, бұл жер сілкінісі кезінде ғимаратты қираудан сақтайтын болады.

 

Соңғы жаңалықтар