Алматыда екі Mitsubishi соқтығысып, ер адам ауыр жарақат алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Mitsubishi маркалы екі автомобиль соқтығысып, Outlander-дің иесі көлігін оқиға орнына тастап кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Challenger Тұрғыт Өзал көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, оңға бұрылады. Сол кезде Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Outlander қызыл бағдаршамға тоқтамай, жол талғамайтын көлікті барып соғады.

«Соққы Challenger-ді жаяужолға шығарып жіберді. Соны көргендер «жедел жәрдем» шақырды», - дейді куәгерлердің бірі.

Ауыр жарақаттанған джиптің жүргізушісін «жедел жәрдем» алып кеткен. Ал Mitsubishi Outlander кроссоверінің жүргізушісі көлігін тастап қашқан. Куәгерлердің айтуына қарағанда ол мас күйде болған. Полиция оны іздеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар