Алматыда дөнер дүңгіршегі мен банкет залы жанып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дөнер дүңгіршегі мен банкет залы жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрт 26 сәуір күні таңертең «Геологтар көшесі, 1Б» мекенжайында болған.

Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына 06:14-те жеткен.  
null

«Дөнер асханасында шыққан өрттің бір қабатты «Достар» банкет залының шатырына жеткені анықталды. Өрт сағат 06.56-да ауыздықталып, сағат 07.15-те сөндірілді. Өрттің аумағы - 70 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді ол.  null

null

Соңғы жаңалықтар