Алматыда бизнесменнің өліміне қатысты деген күдікті ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кәсіпкер Евгений Молибогиннің өліміне қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық ІІД сілтеме жасап.

«Алматы қаласы ІІД криминалды полиция басқармасы мен Алматы ІІБ қызметкерлері 2017 жылдың 27 сәуірінен бері із-түзсіз жоғалғандар қатарында болған Евгений Молибогинді өлтіруге қатысты күдіктіні анықтап, ұстады және уақытша ұстау оқшаулағышына қамады», - деп хабарлады Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ол қылмыстық істің мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде кәсіпкер Евгений Молибогиннің жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған еді.

Соңғы жаңалықтар