Алматыда биылғы жылдағы соңғы велошеру өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өткен жиырмасыншы велошеруге 500-ге жуық әуесқойлар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат спорттық хабқа сілтеме жасап.

Велошеру қатысушылар «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналып, 8 шақырым қашықтықты бағындырды.
null

Жиырмасыншы велошеру жөндеу жұмыстарынан кейін ашылған Астана алаңында аяқталды. Әдеттегідей, мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылды. Бүгін оның иегері Рүстем Аюпов атанды.
null

«Бұл шараға тұрақты қатысамын. Апта сайын қала тұрғындарымен бірге велоспортпен айналысамын. Бұл менің ұтып алған екінші велосипедім. Ең басты сый маған бұйырғанына аса қуаныштымын. Достарыммен бірге келіп, спортпен шұғылданып, жақсы уақыт өткіздік», - деп атап өтті жеңімпаз Рүстем Аюпов.
null

Еске сала кетсек, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің 20 болып саналады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда. 
null

Айта кетер жайт, келесі велошеру бұл веломаусымның соңғысы. Спорттық шара ұйымдастырушыларының айтуынша, салтанатты жабылу рәсімінде қала тұрғындарының басты сыйды жеңуге мүмкіндіктері көбею түседі. Өйткені, он велосипед және де көптеген бағалы сыйлықтар ойнатылып, сәті түскен қатысушыларға табысталатын болады.
nullnull

Айта кету керек, 1 апта бұрын қарттар күніне орай «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында он тоғызыншы велошеру өткен болатын.

Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылды. Басты сыйдың иегері Шәкәрім Әубәкіров атанды.

«Бірінші рет қатысып, велосипед ұтқаныма сене алар емеспін. Өзім велоспортпен шұғылданамын. Менде бірнеше велосипед бар, сондықтан сыйлығымды өз бапкеріме табыстаймын», - деді жеңімпаз Шәкәрім Әубәкіров. Ұйымдастырушылар спорт ардагерлеріне құрмет көрсетіп, сыйлықтар табыстады.

Мерекелік велошеруге Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушылары да қатысты.  

«Біз оқушыларымызды салауатты өмір салтына, спортқа баулуға тырысамыз. Эко фестивальге осы себепті қатыстық. Жалпы, қала тұрғындарының экологиялық көлік түрін қолданғанын қолдаймыз. Бұл фестиваль қала әкімдігінің және біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) қолдауымен өтеді. БҰҰ мектептерімізге жиырма спорттық велосипед берді. Велошеруге бірінші рет қатысып отырмыз. Енді, балаларымыз апта сайын велоспортпен айналысады деген ойдамын», - деді зияткерлік мектебінің химия-билогия бағытының директоры Гүлмира Бақытбекқызы. 

Айта кетер жайт, «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар