Алматыда биыл 186 мың жол жүру ережесі бұзылған - ІІД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Ішкі істер департаменті жыл басынан бері қалада 186 мың жол жүру ережесі бұзылғанын тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД Жергілікті полиция қызметі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.  

Полицейлер ұсынып отырған мәліметке сүйенсек, оның ішінде 903 адам көлігін мас күйінде жүргізгені үшін, 17,8 мың адам қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ал, 10 457 хаттама көліктегі мемлекеттік нөмір дұрыс көрінбегені үшін толтырылса, 2 179 адам тіпті нөмірсіз жүргені үшін, 195 адам жалған көлік нөмірін таққаны үшін ұсталған. 5 189 хаттама алдыңғы терезелерін қараңғылағаны үшін толтырыса, 18 мың 150 адам ұялы телефонмен сөйлескені үшін айыпқа тартылған.

2 148 адам жол қиылысында ереже бұзса, 14 467 адам көлігін рұқсат етілмеген орынға қалдырған. 154 жүргізушіге мүгедектер тұрағына аялдағаны үшін ұсталса, 11 997 адам жаяу жүргіншіні өтікізбегені үшін айыпты болған.

107 818 жүргізуші көліктен озу, қатардағы қозғалыс ережесін бұзса, 34 596 адам жол ережесі белгілерін елемегені үшін полицейлер назарына іліккен. Қарсы жолаққа шыққаны үшін 394 адам айыпты болса, 2 273 адамға көлігін техникалық бақылаудан өткізбегені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. 

Соңғы жаңалықтар