07:31, 04 Желтоқсан 2016 | GMT +6
Алматыда базар өртенді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Байсат» базары өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сағат 05:57-де Алматы қалалық ТЖД «101» пультіне Жетісу ауданы Солтүстік айналма жол бойындағы «Байсат» базарында контейнерлер қатары өртке оранғаны туралы қоңырау келіп түсті.
Құтқарушылар аталған жерге аттандырылды.
Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минуттан соң сағат 06:03-те келіп жетті. Олар келген уақытта контейнерлер ашық жалынға оранған болатын. Өрт тарап кету қаупі жоғары еді. Қазір өрт сөндірушілер жалынды сөндіруде», - деп мәлім етті Алматы ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Қосымша толық ақпарат кейінірек хабарланады.