Алматыда банкке заңсыз кіргендерге қатысты оқиға тексеріліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полицейлері банк бөлімшелерінің біріне заңсыз кіргендерге қатысты анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Екінші деңгейлі банктердің бірінің бөлімшесіне заңсыз кіру оқиғасына қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Алдын ала түскен мәлімет бойынша банк мүлкі ұрланбағаны белгілі болды. Оқиға анықталу үстінде», делінген ІІД хабарламасында.

Аталған оқиға байланысты әзірше басқа мәлімет жоқ. 

Соңғы жаңалықтар