Алматыда автобустың соғылуынан 7 адам жапа шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобустардың соқтығысуы салдарынан 7 адам жапа шекті.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, оқиға орнына жедел жəрдем қызметінің 5 бригадасы шыққан.

«Екі бала Шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізілді. Оларға қажетті көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді», - деді баспасөз қызметінен.

Тағы екі адам Шұғыл медициналық көмек ауруханасы мен орталық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дəрігер қарауынан соң олар да амбулаториялық ем алуға үйіне бағытталды.

Қалған 3 пациент қаладағы Алматы облыстық ауруханасына жеткізілді.

«Жапа шеккендерге жеңіл дəрежедегі зақым келген. Олардың тізе, маңдай тұстарына соққы тиген екен»,- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, Сейфуллин мен Тобаяқов көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар