Алматыда автобус пен троллейбустің соғылуынан 8 адам жапа шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобус пен троллейбустің соғылуынан 8 адам жапа шекті. Жол апаты Абай көшесінің бойында Байтұрсынов пен Масанчи көшелері арасындағы аялдамада болған.

№128 бағдардың автобусы аялдамада тұрған №11 троллейбусты қағып барып тоқтаған.

Салдарынан 8 адам орташа дәрежедегі дене жарақаттарымен медициналық көмекке жүгінді. 

«Олардың біріне медициналық көмек сол жерде көрсетілді.  5 адам №7 қалалық ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде 1 адам миы шайқалған, ол нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Басқасына қабылдау бөлімінде көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды. 2 адам Орталық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Мамандардың қарауынан соң олар да үйлеріне жіберілді», - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, кеше 22 маусымда Сейфуллин мен Тобаяқов көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысқан болатын. Жол апатынан бірнеше адам зардап шекті. 

Соңғы жаңалықтар