Алматыда аула командаларының футбол лигасы алтыншы рет өткізілмек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Спорттық Алматы» жобасы аясында балалар мен жасөспірімдер арасындағы танымал футбол лигасы 21 мамырда өтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Осымен 6-шы рет өкізілгелі отырған аула командалары арасындағы футбол лигасы бұл жолы «Авиатор» алаңында өтеді.

Футбол ойындары ақысыз, олимпиада жүйесіне сәйкес ұйымдастырылады. Жарыстарға сегіз жастан жоғары барлық футбол әуесқойлары қатыса алады. Олар кіші және үлкен екі жас санатына бөлінеді. Біріншісі «А» лигасы   8 жастан 14 жасқа дейін, ал екіншісі, «Б» лигасы  15 жастан жоғары. Регламентке сәйкес, әр командада 8 ойыншыдан артық болмауы керек.

Еске салсақ, алдыңғы футбол жарыстарына 5000-нан аса адам қатысқан. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен медальдармен марапатталды. Сондай-ақ, «Ең үздік қақпашы», «Ең үздік қорғаушы», «Ең үздік шабуылшы» номинациялары бойынша үздік ойыншылар анықталады.

Соңғы жаңалықтар