Алматыда апатқа ұшыраған Mercedes жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытқан

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Mercedes жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, жол-көлік оқиғасын жасаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Апат Райымбек даңғылының бойында Өтеген батыр және Емцов көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала нұсқа бойынша, жүргізуші көктайғақ пен тұман салдарынан көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, басқа жеңіл көлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Kia көлігіндегі екі адам зардап шеккен. Mercedes жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытқан. 

Соңғы жаңалықтар