Алматыда ағаш бұйымдар өңдейтін цех өртке оранды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда түнде барахолка жақта өрт болды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

«2017 жылғы 28 маусымда сағат 00.04-те Жетісу ауданында «Азия жиһаз» СҮ ЖШС аумағында бір қабатты ағаш өңдеу цехы өртенді. Жалын 01.37-де оқшауланып, 02.00-де сөндірілді. Тілсіз жау 370 шаршы метрді шарпыды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті ауыздықтауға 75 өрт сөндіруші, 17 техника жұмылдырылды», - деді Руслан Иманқұлов.

Соңғы жаңалықтар