Алматыда 9 телефон террорисі ұсталды
«Бүгінде телефон терроризмі ең көп таралған қылмыстардың бірі болып отыр. Жарылғыш зат туралы түскен хабарлардың бәрін тексеру керек. Ол үшін құқық қорғау органдары, медициналық органдар, жедел әрекет ету қызметкерлері жұмылдырылады. Нысанның жұмысы тоқтап, жүздеген қызметкер мен адамдар қауіпсіз жерге көшіріледі. Осы уақытқа дейін бірде бір қоңырау расталған жоқ. Бұл жұмыстардың барлығы үлкен шығынды талап етеді», - деді қалалық ІІД басқарма басшысы Қуат Науатов.
Қазақстанда мұндай қылмыс ҚР ҚК 273-бабы бойынша қарастырылады.
Телефон террористері 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Алматы ІІД осы бағытта халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Атқарылған шаралардың арқасында былтыр қылмыс көрсеткішін 25%-ға азайту мүмкін болды.