Алматыда 2 баланың анасы іздестіріліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2 баланың анасы іздестіріліп жатыр. Келіншек 2 аптадан бері үйіне оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның артында 5 және 3 жастағы бүлдіршіндері қалған. Жақындары 28 жастағы келіншектің балаларын тастап, сонша ұзаққа кетуі мүмкін емес дейді.

«Қоғам қауіпсіздігі күзеті» еріктілер ұйымының басшысы Ислам Угушевтың айтуынша, Ольга Городецкая 4 қазанда жұмысқа кеткен.

Сол күні кешке 19:00-де байланысқа шыққан.

«Қазанның 5-інде Ольгадан қоңырау келген. Бірақ ұзаққа бармай үзіліп қалды. 4-5 аралығында телефонға қоңырау барып тұрды, кейін өшіп қалды», - деді жақындары.

Қазіргі таңда іздеу тобы вокзалдар мен әуежайлардың маңайын қарап жатыр.

Соңғы жаңалықтар