Алматыда 16 елдің ең танымал балуандары бақ сынайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы демалыс күндері Алматыда халықаралық Болат Тұрлыханов кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан дәстүрлі додаға Қазақстан балуандарынан өзге Грузия, Ресей, Корея, Беларусь, Иран, Армения, Венгрия, Грекия, Украина, Польша, Литва, Түркия, Таиланд, Өзбекстан Тәжікстан, Қырғыстан бастаған 16 елдің ең танымал балуандары қатысады.

Балуандар сайысы Алматыдағы  «Халық Арена» спорт сарайында өтеді.

Айта кетейік, Болат Тұрлыханов - Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Семей өңірінің тумасы. Сондықтан болар осыған дейін аталған дода жыл сайын осы мезгілде Семей қаласында өтетін. Биыл тұңғыш рет Алатау бөктерінде өткелі отыр.

Халықаралық Болат Тұрлыханов кубогы Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) күнтізбесіне енгізілген болатын. Осыған орай балуандар олимпиадалық ойынға жататын 59, 66, 75, 85, 98 және 130 келі салмақ дәрежелері бойынша сынға түседі. Жарыс жеңімпаздары 3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алса, екінші орын иегері 2 мың, үшінші орын алғандар 1 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы және арнайы медальдармен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар