Алматыда 13 жастағы оқушы қыз табылмай жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық Юлия Мельник 13 жастағы қызын жоғалтып алғанын Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7 сынып оқушысы Екатерина Мельник кеше, 14 наурыз күні түсте сабаққа кетіп оралмаған.

«Ол тіпті сабаққа да бармаған. Түсте оның сынып жетекшісі телефон соғып, қызымның сабаққа келмегінін айтты. Соңғы рет қызымды Сәтпаев-Гагарин көшелерінің қиылысында, мектептің жанында сыныптасы көрген. Ол үйден әдейі қашып кетті деп ойламаймын, ол күні біз ренжіскен жоқпыз. Ең қымбаттымды табуға жәрдемдесіңіздерші», - деп жазды Юлия Мельник.

Екатерина Мельникті іздеуге Алматы полициясы мен еріктілер тобы кірісіп кетті.

«Қызды іздеуге криминалды полицияның барлық қызметкері жұмылдырылды. Ата-анасының айтуынша, оқушы бұған дейін де бірнеше сағатқа үйден кетіп қалып, қайтып оралған. Оны табуға бар күшімізді салып жатырмыз», - деді Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Жоғалған күні Екатерина Мельниктің үстінде етегі тізеге дейін түсетін күрте, қара бас киім, қара-көк түсті шалбар, ақ көйлек, ашық көк түсті етік болған. Оның бойы 165 см, көзі мен шашының түсі қара. Алматы полициясы көрген-білгендер болса, хабарласуын сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар