13:55, 15 Наурыз 2018 | GMT +6
Алматыда 13 жастағы оқушы қыз аман табылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 14 наурыз күні жоғалып кеткен 13 жастағы 7 сынып оқушысы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
7 сынып оқушысы осыдан бірнеше минут бұрын табылды.
«Оқушы қызды аудандық ІІБ қызметкерлері Абай-Саин көшесінен тапты. Қыздың жағдайы жақсы. Анасына хабарластық, келген соң қызын тапсырып береміз», - деді Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
Еске сала кетейік, бүгін Алматы тұрғыны Юлия Мельник 13 жастағы қызы Екатеринаны жоғалтып алғаны туралы хабарланған болатын.