Алматы зообағында жасалған ерекше фотолар аңдар өмірін көрсетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында аңдардың өмірі фотосуреттер арқылы көрсетілді. «Вернисаж» камералық галереясында Михаил Сорокоумовтың ерекше көрмесі ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Фотограф Михаил Сорокоумов 2012 жылдың аяғында Алматы зообағына баспасөз хатшысы ретінде жұмысқа шақырылған.

Зообақтағы қызметі кезінде Михаил Сорокоумов көптеген жануарлармен, соның ішінде жыртқыш аңдармен достасып кеткен. Өзінің айтуынша, жануарлар оны күн сайын тағатсыздана күтетін. Соның арқасында фотографтың суреттер топтамасында зообақ мекендеушілерінің өмірінен түсірілген ерекше суреттер пайда болған. Мәселен, куба қолтырауынының тамақтануы, пілге арналған педикюр, өрмекшілер және тағы басқалары.




Михаил Сорокоумов жануарлармен үнемі жақсы қарым-қатынаста болғанын айтады. Алайда олардың кейбірінің торына оған кіруге тыйым салынған.

«Бұрын Томирис шимпанзенің торына кіре беретінмін, ол мені көрсе қуанатын. Алайда, оған шимпанзенің аталығы әкелінгелі бері қауіпсіздік үшін мені торға кіргізбей тастады. Ол мені көргенде толқып, қызғаншақ серігінен жазасын алуы мүмкін еді», - дейді Михаил Сорокоумов. 

Соңғы жаңалықтар