Алматы ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалалар желісіне қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЮНЕСКО-ның бас директорының шешімімен шығармашылық қалалар желісінің жаңа мүшелігіне 44 мемлекеттің 64 қаласы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

«ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалалар желісі ол инновациялық бағыттарды тұрақты дамыту және өлкенің қайталанбас ерекшеліктерін жоғарлатуда өлшеусіз үлес қосып келе жатыр. Желіге жергілікті билік тарапынан қызығушылық артуда. Әлемдік жүйеге енгізіліп отырған жаңа қалалар олардың даму әралуандығын анық көрсетеді»,- деді ұйымның бас директоры Ирина Бокова.

Бүгінде әлемдік желіге 72 елдің 180 қаласы кіргізілген. ЮНЕСКО-ның жаңа шығармашылық қалалары қатарына Альба (Италия) - гастрономия, Алматы (Қазақстан) - музыка, Бразилиа (Бразилия), Дубай (Біріккен Араб Әмірлігі) - дизайн, Бристоль (Ұлыбритания) - кинематография, Пучхон (Корея) - әдебиет, Каир (Египет), Шеки (Әзербайжан) - декоративті-қолданбалы және халықтық мәдениет, Торонто (Канада) - медиаөнер  бағыттарында кірген.

Соңғы жаңалықтар