Almaty Towers өрті: «Батут орталығы» директорын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - AlmatyTowers ғимаратындағы «Батут орталығы» ЖШС-нің директоры Дәурен Тұяқовты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қамауда ұстау мерзімі 12 ақпанға дейін ұзартылды», деп жауап берді «ҚазАқпарат» сауалына Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінде.

Бұған дейін хабарланғандай, Дәурен Тұяқовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат 2016 жылдың 12 қарашасында белгілі болған. Ол ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі (Адам өліміне және ауыр зардабын тигізген өрт қауіпсіздігінің сақталмауы) бойынша уақытша тергеу оқшаулағышына қамалды.

Соңғы жаңалықтар