Алматы-Өскемен тасжолындағы көлік апаты: 4 адам көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Алматы-Өскемен тасжолында, Аршалы ауылынан 5 шақырым жерде Volvo жүк көлігі мен «ВАЗ-21124» жеңіл көлігі соқтығысып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ВАЗ-21124» көлігінің 32 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Олардың екеуі 43 және 29 жаста болса, қыз кәмелеттік жасқа толмаған.  Тағы бір кәмелет жасына толмаған бала Аягөз қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ВАЗ-21124» Өскеменге қарай келе жатқан.  Жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен.  Оқиғаға қатысты  Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар