Алматы облысының тұрғындары ауылдасының 100 қойын ұрлап кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында шаруаның 100 қойын ұрлаған екі күдікті бірден ұсталды. Оқиға Іле ауданындағы Ақши ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен тәулікте Ақши ауылының 42 жастағы тұрғыны қоралы қойының жоғалғандығы туралы полицияға арызданған. Жәбірленуші өзіне келтірілген шығын көлемін 2 226 000 теңгеге бағалаған. Аталған факті ізі суымай ашылды. Криминалды полицияның өкілдері айдап әкетілген малдың ізіне шығып, ұрланған қойларды шалғайдағы шаруа қожалығының  ескі қорасынан тапты.

«Қазір күдікті ретінде екі азамат ұсталды. Екеуі де сол ауылдың тұрғындары болып шықты. Ұрланған 67 қой өзінің иесіне қайтарылды. Қалған малдар іздестірілуде», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес іс қозғалып, тергеу жұмыстары жалғасуда. Ал күдікті азаматтар қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар