Алматы облысының полициясы «Алтын Орда» базарында бомба іздестіруде

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қарасай ауданында белгісіз адам телефон арқылы «Алтын Орда» базарына бомба қойылғандығы жөнінде хабарлаған. Қазір оқиға орнында өңірдің күштік құрылымдары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық ІІД бұл оқиғаны растады.

«Қазір оқиға орнында Алматы облысының ІІД полицейлері жəне Қарасай ауданының тәртіп сақшылары, Төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов.

Белгісіз тұрғын сағат 17:35-тер шамасында қоңырау шалған.

Соңғы жаңалықтар