Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына Ысқақ Бауыржан басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бауыржан Ербозымұлы 1969 жылы туған. Қазақ мемлекеттік медицина және Алматы үздіксіз білім беру университеттерінің түлегі. Алғашқы еңбек жолын Алматы қаласының ғылыми-зерттеу тері-венерологиялық институтының клиникалық ординаторы болып бастаған.
null 

Әр жылдарда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы №23 отбасылық амбулаторияда дерматолог-дәрігер, Алматы облыстық тері-венерологиялық диспансерінің бөлім меңгерушісі,  дерматолог-дәрігері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтің сапасын қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының жетекші маманы, Алматы қалалық ШЖҚ «Тері-венерологиялық диспансері» МКК дермавенеролог-дәрігері, бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің міндетін атқарушы лауазымдарын атқарған. 2015 жылдың қаңтар айынан - Алматы қалалық ШЖҚ «Тері-венерологиялық диспансері» МКК бас дәрігері болып жұмыс істеді. 

Айта кету керек, бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін Асхан Байдувалиев атқарды. Ол өз өтініші бойынша аталған лауазымынан босатылды.

Соңғы жаңалықтар