Алматы облысының делегациясы Сербияда болып қайтты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Тамыздың 15 мен 17-і аралығында озық шаруашылық жетекшілері, ҚР Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басшылары Сербия Республикасында болып қайтты. Алматы облысының делегациясын өңір басшысының орынбасары Серікжан Бескемпіров бастап барды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Сапар барысында қазақстандық делегация Сербияның ауылшаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау Министрі Бранислав Недимовичпен, Воеводина автономдық аймағының үкімет басшысы Игорь Мировичпен және ауылшаруашылығымен айналысатын ірі сербтік компания жетекшілерімен кездесті. Сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Еуропаға танымал егін және көкөніс шаруашылығы «НС Семя» ғылыми-өндірістік институтында, «Биосенс» ғылыми-инновациялық институты  мен Сербияның шағын және орта фермерлік шаруашылықтарында болды.

Қазақстан делегациясының басшысы Сербия тарапын еліміздің дамуындағы негізгі басымдық ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы, жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көрсетілген агрөнеркәсіп кешенінде экспорттық бағытты дамытуға бағытталғанын атап өтті. Кездесу барысында Қазақстанның Сербиядағы елшісі Нұрбах Рүстемов бұл сапар екі ел арасында ауылшаруашылығы саласындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған келісімдердің тәжірбие жүзінде іске асырылуы екенін тілге тиек етті. Елшінің айтуынша Алматы облысы мен Воеводина автономдық аймақ әкімшілігінің серіктестік туралы келісімнің орындалуы. Екі тарап соя, қант қызылшасы, жүгері мен күнбағыс тұқымын өндіру саласында бірге жұмыс істеуде қызығушылық танытқанын жеткізді. Ауылшаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру бағытында ғылыми жобалар бойынша өзара тәжірбие алмасуды көздейді. Бұдан бөлек екі елдің оқу орындарында ауылшаруашылығы мамандарын даярлау, кооперация құру тарапында бірқатар мәселелер қаралды. 

Қазан айында Воеводина автономиялық аймақ басшысы мен сербтік ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің, сауда-саттық және экономиклық қарым-қатынаста қызығушылық танытқан компаниялардың Алматы облысына жауапты сапары жоспарланды

Соңғы жаңалықтар