Алматы облысындағы кәсіпорындардың 40 пайызын әйелдер басқарады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғандағы «Жастар» паркінде іскер әйелдердің саябағы пайда болды. Бүгін 20 сотық алаңға кәсіпкерлер алғашқы көшеттерін отырғызды. Алдағы уақытта олар көркейту жұмыстарын қолға алмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық  Іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен ашылған жасыл алаң қалалық әкімдік тарапынан қолдау тапты. Кеңес жетекшісі Римма Салықованың айтуынша, бұл  жерге  ландшафт дизайнерлері шақыртылып, көркейту жұмыстары  жүргізіледі.

Айта кету керек, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесіне 200-ден аса адам мүше. Жалпы Алматы облысында кәсіпорындардың 42%-ін әйелдер басқарады.

Соңғы жаңалықтар