Алматы облысында ҰҚК-нің 25 жылдығына орай спартакиада басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына орай спартакиада басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Спорттың 5 түрінен өтетін додаға Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша департаменттерінің мамандары қатысуда. Олар екі күн бойы шағын футбол, волейбол, суда жүзу, нысана көздеу және қоян-қолтық ұрыстан өзара бақ сынайды.

«Жеңімпаз команда Астанада өтетін ақтық додаға жолдама алады. Мемлекеттің тұтастай қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орган мамандарының шымыр болуы кәсіби талап. Сондықтан Жетісу төріндегі жарыс олардың спорттық қабілеттерін шыңдауға жақсы мүмкіндік», - дейді жарысқа қатысушылар.

Шараның ашылу салтанатында сала қызметкерлерін айтулы датамен өңір басшысы Амандық Баталов құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар