Алматы облысында «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес ресімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету мақсатында «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы басталды. Шара 3 айға жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акцияның ашылу рәсімінде Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Гүлнар Бітебекова шараның маңыздылығына тоқталды.

«Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша 16 аудан мен 3 қалада да бір мезгілде басталып отырған акция 12 маусымға дейін жалғасады. Аталмыш шара аясында барлық халыққа қызмет көрсету нысандарының иелеріне заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша түзетуге бір ай уақыт беріледі. Заң бұзушылықтар белгіленген мерзімде түзетілмеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 75-бабына сәйкес әкімшілік шара қолданылатын болады», деді Бітебекова.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш шараға кез-келген адам қатыса алады. Қате тапқан азаматтар Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына жазбаша түрде, болмаса телефон шалып, хабарлауға болады.

Жалпы акцияның ашылуына жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, мекеме қызметкерлері, ардагерлер ұйымы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қосқанда барлығы 40-тан аса адам қатысты.

Соңғы жаңалықтар