Алматы облысында тау жыныстары жолды басып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында тау жыныстарының көшу себебі анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың 19 сәуірінде Алматы облысында ҚР ІІМ ТЖК-ның «Қазселденқорғау» ММ гидробекетінің бақылаушылары көшкін қаупі бар учаскелерді тексеру барысында Кеген ауданы аумағында тау жыныстарының орнынан көшкенін анықтады. Бұрын байқалған көшкін ошағының қайта қозғалуына жауын-шашын мен сейсмикалық жағдай әсер етті», - деп атап өтті ресми өкіл.

Белгілі болғандай, тау жыныстары Саты ауылы мен Көлсай көлі жолының 400 метр аралығын, сондай-ақ 4 электр бағанын басып қалды. Осы орайда Көлсай көлдеріндегі демалыс аймағы электр қуатынсыз қалды. Сонымен қатар маусымдық мерзімде пайдаланатын шағын үй нысаны қауіпсіз жерге көшірілді.

«Бақылау шаралары жалғасуда. Кезекшілік ұйымдастырылып, жедел штаб құрылды, сондай-ақ Төменгі Көлсай көліне қарай қозғалысқа шектеу енгізілді», - деді Р.Иманқұлов. 

Бұл оқиғаға байланысты зардап шеккендер тіркелген жоқ.

null null null

Соңғы жаңалықтар