Алматы облысында қарақұйрық атқан қарағандылықтар ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында заңсыз аң аулап жүрген 4 азамат ұсталды. Оқиға 17 қаңтарда таңғы сағат 04:30 Жамбыл ауданының Жусандала аумағында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған аймақтың инспекторлары  рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында 4 азаматты қолға түсірген. Toyota Land Cruiser маркалы көлігіндегі  1963,  1971, 1975 және  1979 жылғы туған азаматтар Қарағанды облысының тұрғындары екені анықталды. Автокөлікті тексеру барысында 6 дана қарақұйрықтың өлі денесі, басы, 30 дана оқығымен 3 мылтық табылды.

Ерекше қорғалатын аймақта заңсыз аң аулаған азаматтар жалпы 17 млн 316 мың теңгенің шығынын келтіріп отыр. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабына сәйкес іс қозғалды. Тергеумен Жамбыл ауданының полицейлері айналысуда.

Соңғы жаңалықтар