Алматы облысында екі әйел притон ашқан

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Панфилов ауданында жезөкшелікпен айналысуға жағдай туғызған екі әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Алматы облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел тобы Жаркент қаласының екі тұрғынын қолға түсірді. Олардың ҚР ҚК 309 бабы бойынша қылмыс жасағандағы дәлелденіп, сотқа жөнелтілді. Панфилов аудандық соты екі азаматшаның бірін 4 жылға, екіншісін 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Екеуі де пробациялық бақылауға алынды",деп мəлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ аудандық сот тарапынан ІІД басшылығына бұл қылмыстық істі ашуда жедел әрекет еткен тергеушілердің кәсібилігі атап өтілсін деген жеке ұсыныс жіберілді.

Соңғы жаңалықтар