Алматы облысында басшысын өлтірген полицейге үкім шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бастығын атып өлтірген полицейге үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Достық станциясындағы Желілік ІІБ-нің жедел уәкілі болып қызмет атқарған полиция қызметкері 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Кісі өлтіру оқиғасы Алакөл ауданындағы Бескөл елді мекенінде болған. 2017 жылы қыркүйек айының 14-нен 15-не қараған түні Д.есімді азамат бастығына оқ атқан.

Сот үкімімен ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес Д. кінәлі деп танылды. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар