Алматы облысында автокранмен гаражды ұрлаған күдікті ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар қаласында жергілікті тұрғын автокранды қолданып, көлік қоятын темір гаражды ұрлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 қазан күні Талғар аудандық ішкі істер бөліміне қаладағы жеке тұрғын үй секторында металдан құрастырылған гараж ұрланғаны туралы арыз келіп түскен. Шағымданушы өз шығынын 150 мың теңгеге бағалаған. Тәртіп сақшылары бұл қылмысты ізін суытпай, аз уақыт ішінде ашты.

Тергеу барысында 29 жастағы жергілікті тұрғын автокран қолдану арқылы қылмысын жүзеге асырғаны анықталды. Осыған сәкес,  ҚР ҚК 188-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда. Ұрланған гараж иесіне қайтарылып, орнына қойылды. Күдіктіге ешқайда кетпеу міндеттеліп, қолхат алынды. Ал автокран жүргізген адам туралы ақпаратты тергеу аясында полиция қызметкерлері әдейі жарияламай отыр.

Соңғы жаңалықтар