Алматы облысында ауыл малдары белгісіз індетке шалдыққан

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ескелді ауданына қарасты Өрқусақ ауылының тұрғындары малдарының  қырылып жатқанын айтып дабыл қағуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елді мекен халқы індет 15-20 күн бұрын басталғанын, және оған жергілікті билік ешқандай шара қолданбай жатқанын алға тартуда. Ауылдағы ағайын қорасындағы сиыры аусыл дертін жұқтырды деп шуласа, мал дәрігерлері «вирусты стоматит» деген болжам жасап отыр. Дегенмен өрқусақтықтардың қазірдің өзінде 10 шақты малы қырылып қалған. Ауыл сыртына әдетте 185 бас ірі қара жайылымға шықса, осы күні тек 80-нен астамы ғана табынға қосылады. Қалғаны қорада байлаулы тұр. Себебі олардың бәрі індет жұқтырған. Малға беретін жем-шөп те таусылғанын айтып, халық шырылдап отыр.

null 

«4 күннің ішінде 15 мың теңге кетті. Ал қалған қаражатты қайдан табамыз. Мамандар бүгін ғана келді. Өздері мынаны көріп, жиіркеніп, кетіп қалды. Тіпті болмаса мына малды өлтіріп, көмсе. Ауырған кезде сілейіп тұрып қалады. Одан аузынан болар - болмас сілекей ағады. Тілдің қабықтары түсіп қалды. Таңдайы ол түсіп жатыр. Шынымды айтсам, мен қорқамын. Мынау жұқпалы ауру болады ма», деген үрейін Өрқусақ ауылының тұрғыны Бақытгүл Қондыбаева жеткізді.

null 

 Аудандық ветеринария бөлімінің мамандары  былтыр ауыл малы барлық індетке қарсы егілген деп ақталып әлек. Ал малдың нақты диагнозы арнайы зертханада ғана белгілі болады, дейді ветеринария бөлімінің басшысы Нұрлан Бекетаев. 4 жыл бұрын ел-жұртым деп келген Сәтай Жаңылсынның бұзауы мен құнажыны бірінен соң бірі өлді. Малмен ғана жан бағып отырған отбасы үшін бұл үлкен шығын. Белгісіз індет жұқтырған малдарға өтемақы төленеді ме, ол жағы белгісіз.

Соңғы жаңалықтар