Алматы облысында ауа райы тосын мінез танытуы мүмкін

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады. Алдағы күндері ауа-райы тосын мінез танытуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазгидромет» РМК-ның 27 сәуірдегі мәліметіне сәйкес Алматы облысы аумағында 28 сәуір мен 1 мамыр аралығында жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерлетеді. Таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға айналуы мүмкін. Сондай ақ кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауады деп болжануда. Батыстан соққан жел жылдамдығы секундына 18-23 метрге дейін жетеді. Сәуірдің 30-нан 1-ші мамырға қараған түні ауа температурасы 1-6 градусқа ал кей жерде -2 градусқа дейін суытады.

Сондай-ақ 28-29 сәуір аралығында жауын-шашынның көп түсіуіне байланысты өзен сулары арнасынан асуы мүмкін. Сол себепті мамандар барынша сақ болуды ескертеді.

Соңғы жаңалықтар