Алматы облысында 602 азамат «Чернобыль» төсбелгісімен марапатталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 602 азамат «Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқаны үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марапат Талдықорған қаласында өткен Чернобыль апаты құрбандарын еске алуға және Алматы облыстық «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің 25 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым» атты салтанатты жиында тапсырылды. Ең алдымен жиналғандар құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ірі апаттың салдарын жоюға қатысқандарға тағзым етті.

Жиында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов Чернобыль апатына байланысты статистикалық деректерді атап өтті. Оның айтуынша, атом электр стансасындағы апат зардаптарын жоюға 32 мыңнан астам қазақстандық қатысқан. Соның ішінде Алматы облысының 2 мыңдай тұрғыны бар.

«Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген тұста Мемлекет басшысы ең алдымен ядролық қарудан бас тартып, Семей полигонын жабу туралы тарихи шешім қабылдады. Өйткені Чернобыль апаты бүкіл әлемге атом энергиясының бақылаудан шығып кетсе қандай күйге ұшыратынын көрсетіп берді. Сонымен қатар бұл қайғылы оқиға өз өмірлерін аямастан апаттың зардабын жоюға атсалысқан адамдардың ерік-жігері мен батырлық үлгісін де таныта алды. Бүгін біз чернобылдық ерлерді еске алуға жиналып отырмыз. Әрқайсыларыңыздың сол кезеңдегі іс-әрекеттеріңіз - бүгінгі ұрпақ үшін ерліктің үлгісі», - деді Л. Тұрлашов.

Салтанатты шара марапаттау рәсімімен жалғасып, тиісті марапаттарды облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов табыстады. Солардың қатарында Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысушы ретінде Л. Тұрлашовқа да марапат берілді.
null null 

Жалпы 1986 жылы Чернобыль атом электр стансасында болған ірі апаттың зардаптарын жоюға Алматы облысынан 2 мыңнан астам азамат аттанған болса, бүгінде олардың 602-сі ортамызда.

null 

Соңғы жаңалықтар