Алматы облысында 5 мектептің директоры жұмыстан босатылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 5 мектептің директоры жұмыстан босатылды. Қызметімен қош айтысқандардың үшеуі Жамбыл ауданынан және Панфилов, Кербұлақ ауданындағы білім ошақтарының басшылары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзге директорлардың арқасын терлеткен бұл шешім  облыстық білім басқармасының алқа мәжілісінде жария етілді. Бәріне тағылған мін ортақ, мектептердің білім сапасы төмен.  Атап айтқанда Жамбыл ауданындағы Ынтымақ, Үңгіртас, Қастек орта мектебі мен  Жаркенттегі №6 және Кербұлақ ауданындағы Майтөбе ауылының мектептерінің директорлары өз міндеттерін ойдағыдай атқара алмаған.   Олар басқарған мектептерде білім сапасы, оқушылар үлгерімі мен ҰБТ-ның көрсеткіші өте төмен.

«Білім сапасын көтеру үшін ішкі тәртіпті нығайту керек. Онсыз болмайды.  Жаңа айтқандай 5 мектеп директорын жұмыстан босату туралы бұйрықты 10 күннін ішінде білім басқармасына әкеліңіздер», - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Соңғы жаңалықтар