Алматы облысында 40-тан астам кәсіпорын экспортқа бағытталған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 40-тан астам кәсіпорын экспортқа бағытталған. Өңірдің негізгі серіктестері - Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан тәзізді елдер.

Бұл туралы  Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен актив жиынында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ж. Омардың сөзіне сүйенсек, Жолдау міндеттеріне орай әзірленген облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес жүйелі жұмыстар атқарылуда. «Экпорт - 2020» бағдарламасына кәсіпорындардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатыр. Аудан, қала әкімдерімен бірлесіп экспортқа шығуға әлеуетті кәсіпорындардың тізбесі әзірленіп, оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін экспортты қолдау шаралары туралы ақпараттар жолданған. Облыста бүгінгі күні экспортқа бағытталған жаңа инвестициялық жобалар - фармацевтикалық, ет өңдеу, автокөлік майын өндіру жобалары белгіленіп отыр.

Сондай ақ жиында өңір бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізі де нәтижелі жүзеге асып жатқаны айтылды.  Мәселен, бүгінгі күні жалпы құны 20,5 млрд. теңге болатын 11 жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Талдықорған, Қапшағай қалалары мен Ұзынағаш ауылында 3 балабақша ашылса, Қарасай ауданында және Текелідегі Қора өзенінде  қосымша стансалар, 5 сервистік дайындау орталықтары және Ақсу қант зауыты жобасы іске асырылмақ.

Соңғы жаңалықтар