Алматы облысында 30 мыңнан астам тұрғыны бар ауылға газ тартылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылына газ тартылды. Тұрғындары көптен күткен қуаныштарымен облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов құттықтауға арнайы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл Еңбекшіқазақ ауданында іске қосылған екінші автоматты газ тарату стансасы. Қуаттылығы сағатына 50 мың текше метр. Яғни бір мезетте 40 көппәтерлі, 6 600 жеке үй мен 120 өндірісті газбен қамти алады. Айта кету керек, Шелек ауылы Еңбекшіқазақ ауданының ең ірі елді мекені. Мұндағы халық саны 30 мыңнан асады.

«Енді мен көмір жағып, күл шығармаймын. Газ жаққанда үй де таза болады. Компания көмегімен 2 аптада құжаттарды ретке келтіріп, 350 мың теңгеге қостырдық. Төлемін жеңілдетілген науқан бойынша айма ай 1 жыл ішінде төлеп құтыламыз», - дейді ауыл тұрғыны Татьяна Иппатикова.

Сондай-ақ, бұл күні осы аудандаға қарасты Байсейіт ауылында 100 орындық балабақша ашылды. Көлемі 330 шаршы метр болатын жаңа нысан мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында жүзеге асты. Жеке кәсіпкер Мұхит Қасенов 20 млн теңгеге ғимаратты талапқа сай етіп жасап берді. Қазір мұнда 6 топ бар. Олар балабақшада ой-өрісін дамытып қана қоймайды, өнерлерін шыңдайды.

Соңғы жаңалықтар