Алматы облысынан ШҚО-ға 16 тоннадан астам гуманитарлық жүк жөнелтілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғындары Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 16 тоннадан астам гуманитарлық жүк жөнелтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі бастаманы әуелден-ақ бастаған едік. Соның арқасында «Жетісу жәрдемі» акциясына облыстың көптеген тұрғындары үлестерін қосты. Азық-түлік пен киім-кешек, бірінші кезекте қажетті дүниелер, құрылыс материалдары жиналды. Мысалы дүкендердің бірі 500 мың теңгеден астам тауар жинап берді»,-деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша өкілі Ардақ Нүсіпханұлы.

Облыс тұрғындары барлығы 16 тоннадан астам азық жинап, 3 миллиоаннан астам теңгеге қайырымдылық жасады.

«Жиналған қаржыға біз Аягөзде су тасқынынан ең көп зардап шеккен отбасына шағын да болса баспана алып беру қажет деп шештік. Бұған қоса, Аягөзде 350 адамға арналып, қайырымдылық ас беріледі»,-деп қосты А.Нүсіпханұлы.

Соңғы жаңалықтар