Алматы облысы көлік саны бойынша көш бастап тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысы тіркелген көлік санынан Алматыдан кейінгі екінші орынды иеленіп тұр. 2016 жылдың 11 айында облыста 79 704 машина тіркелген. Оның 77983-і - жеке тұлғалар болса, 1721-і - заңды тұлғалар, деп хабарлайды tvk-uko.kz.   

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәлімдеуінше, Қазақстандағы жалпы көлік саны 4 миллионға жақындауда. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 5%-ға аз.

Атап өтейік, Қазақстанда өткен жылдың 11 айы бойынша  600600 автомобиль рәсімделген, бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 11%-ға төмендеген. Жалпы еліміздегі тіркелген жеңіл көлік саны 3 миллион 850 мың көлікке жеткен. 

Соңғы жаңалықтар