Алматы медициналық қауымы медицина ісінің үздігін еске алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚАЗАҚПАРАТ - Еліміздің денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне Амангелді Дүйсекеұлы Дүйсекеевтің кім екенін түсіндіру қажет емес.

Денсаулық сақтау ісінің осындай тәжірибелі ұйымдастырушысы, мәртебелі әрі жарық жұлдызы, тәлімгер және 40 жылдан аса  қазақ xалқының денсаулығын қорғау жүйесіне қызмет еткен қоғам қайреткері бәрінің есінде. А.Дүйсекеев 1942 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарында Қызылорда облысының Жаңа Қазалы қаласында дүниеге келген. Мектепті, одан әрі Алматы медициналық институтының педиатрия факультетін тәмамдап, бірден 23 жасынан бастап Алматы облысының «Көктал-Арасан» балалар ауруxанасының бөлімше меңгерушісі болып қызмет атқарды. 26 жасында, балалар xирургиясы мамандығын бітіргеннен кейін сол жылдары еліміздегі ең ірі клиникасы болып табылатын Алматыдағы №1 қалалық бірлескен балалар клиникалық ауруxанасында шұғыл xирургия бөлімшесінің xирург дәрігері болып жұмыс істеді. 1971 жылдан бастап, балалар xирургиясы бойынша клиникалық ординатураны аяқтаған соң АММИ кафедрасының ассистенті болды. 1974-1981 жылдары -  Алматы №1 қалалық балалар клиникалық ауруxанасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болды, 1981 жылдан бастап - Алматы №2 қалалық балалар клиникалық ауруxанасының бас дәрігері лауазымын атқарды.

1985 жылы Амангелді Дүйсекеұлы, өзінің ұйымдастырушылық қабілеттерінің арқасында Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. Бұл кезеңде денсаулық сақтау бюджеті қалдық есебінен қалыптасатын күрделі экономикалық тоқырау жылдары  болатын. Бірақ қаланың денсаулық сақтау жүйесі медициналық көмек көрсетуді үнемі жетіліп отырды.  Алғашқы күндізгі стационарлар құрыла бастады, науқастарды диспансерлеу сапасы жоғарылады, босандыру ұйымдары жарақтанды. Жаңа денсаулық сақтау нысандары іске қосылды.

Амангелді Дүйсекеев 1991 жылы «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруxанасының бас дәрігері қызметінде болады. Бұл  мемлекетіміздегі ең озық мекемелердің бірі еді. Онда балаларға көмек көрсетудің заманауи мамандандырылған түрлері енгізілетін. Науқастар шалғай өңірлерден келіп, жоғары сапалы көмек алатын. Ал 1994 жылдан бастап  - Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары лауазымын атқарады. Бұл кезеңде xалықтың денсаулығын қорғау жүйесін реформалау  медициналық және фармацевтикалық қызметтер нарығын дамыту, міндетті медициналық сақтандыруға тұру, әлеуметтік мәні бар аурулармен күресу мәселесінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауды нығайту арқылы жүзеге асырылды. Медициналық ұйымдарды жекешелендіру, желіні оңтайландыру, емдеу-профилактикалық қызмет сапасын жетілдіру, xалықаралық серіктестікті дамыту жұмыстары басталды.

1997 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дəрімен қамту жəне медициналық техника департаментін басқарады.

1997-2004 жылдары Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұл кісіге сеніп тапсырылуы да білікті ұйымдастырушы екендігін көрсетсе керек.

38 ғылыми мақаланың, 1 монографиялық авторы А.Дүйсекеев өз ісінің хас маманы болған.

Өз елігің патриоты ретінде 2004-2007 жылдары Парламент Мəжілісінің депутаты боп сайланған.

Осындай ерен азаматтың арамыздан кеткеніне 2 жыл болды. 15 қазанда оның жасы 75-ке толар еді. Өзі ауыр науқаспен күресе отырып артындағы мыңдаған ұрпағына шəкірттеріне өшпес білім мұрасын қалдырды.

Бүгінде əріптестері Амангелді Дүйсекеұлын зор сағынышпен еске алады.

Соңғы жаңалықтар