Алматы ІІД «Нөлдік төзім» ұстанымын жүзеге асыру туралы айтып берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жергілікті полиция қызметі бөлімшелері ұсақ құқықбұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу және ұсақ құқықбұзушылықтар мен бассыздықтарға «нөлдік төзім» ұстанымын қоғамға енгізу жұмыстарын жандандыру бойынша бірқатар ұйымдастыру-тәжірибе шараларын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД сілтеме жасап.

Атап өткен жөн, «нөлдік төзім» ұстанымы «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» - Ұлт жоспары» аясында жүзеге асырылуда. Бұл ұстаным құжаттың 30-қадамында жазылған, онда жергілікті полиция қызметінің қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, жол-патрульдік қызмет, ұсақ құқық бұзушылықтарға нөлдік төзім мәселелерін қарастыратыны айтылған.

«Мемлекет басшысының ұсақ құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы тапсырмасын орындау ерекше бақылауға алынған. Бүгінде көше қылмыстарының алдын алудың негізгі тетігі дер кезінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу болып отыр. Ең көп тараған құқық бұзушылықтар: бұзақылық, қоқыс лақтыру, қаланы абаттандыру ережелерін бұзу, ЖЖЕ бұзуды полиция учаскелік инспекторлар күші және ІІД сыртқы күш өкілдері анықтайды», - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы Төрехан Исин. Одан бөлек, құқық бұзушылықты көріп, полицияға хабар беретін азаматтардың белсенді рөлінің маңыздылығын атап өтті.

«Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша, Жолда жүру ережелерін бұзуды анықтау18% ұлғайды.  Жыл басынан бері мегаполис жолдарында ЖЖЕ бойынша 267 мың 400 құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде жол-көлік апатынан зардап шеккендер саны 2,6% төмендеп, өлім-жітім көлемі 3,5% азайды», - деді Т.Исин.

Соңғы жаңалықтар