Алматы дүңгіршектерден қалай құтылып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты стационарлық емес сауда нүктелерімен күрес қалай жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта Наурызбай ауданында жүргізілген мониторинг нәтижесінде заңсыз 30 дүңгіршек анықталған. 

null

«Кейбір дүңгіршектер мемлекет меншігіндегі, кейбірі жеке меншіктегі жерлерге қойылған. Нақтырақ айтқанда, жерді қолдану мақсаты сәйкес келмейді. Мысалы, жер учаскесі басында тұрғын үй салуға бөлінген болса, оны коммерциалық мақсатта пайдаланып отырғандар бар. Көбіне, ондай орындар заң талаптарын бұзады, яғни, санитарлық талаптарға сай болмай, салықтан жалтарған болып шығады. Сондай-ақ, кейбір дүңгіршектер тротуарларда, арық жүйелерінде орналасқан», - дейді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дандыбаев.

null

Аталған нысандардың иелерімен әкімдік түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сәйкес ескертулер берген. 

«Сауда нысандары заңсыз салынған көптеген адамдар әкімдіктің заңды талаптарымен келісіп, өз еріктерімен бұзып жатыр. Бүгінгі таңда осы жолмен 14 нысанды иелері өздері бұзды. Өз еріктерімен түсіністік танытқандарға айыппұл салынбайды. Ал қалғандарына әкімшілік шаралар қолданылады», - деді Бағлан Дандыбаев. 

null

Соңғы жаңалықтар